«ҚАЗАҚТЫҢ ҮШ ҚЫЗЫ»

1914 жылы «Қазақ» газеті Орынбордан шығып тұрған кезінде редакцияда үш қыз істеген. Міне, осы үш қыз Ғайнижамал Дулатова, Аққағаз Досжанова және Гүлайым Балғын­баева болатын.

Аққағаз Досжанова — қазақтың ішінен шыққан атақты қыздардың бірі. Аққағаз Батыс Алашорда әскерінің барлаушысы болған. Ол тұңғыш рет қазақ қыздары арасында толық дәрігерлік курсты бітіріп, «дәрігер, ғалым-зерттеуші» деген атақ алған.

Гүлайым Балғынбаева Герма­нияда оқыған. Мұхтар Мұрзиннің зайыбы болған. Ол кезде оқыған қазақ қыздарының «Алаштың» жұмыстарынан тысқары қалуы мүмкін емес. Әкесі патша үкі­метінде үлкен қызмет істеген.

«Қазақ» газетіндегі үш қыздың біреуі Ғайнижамал Досымбекова еді. Ғайнижамал Міржақып Дулатұлының жары, қазақтың Сыздық Өтегенұлындай оқыған азаматының қызы. Алаш қозғалысы бастау алған кезден бастап тілеулес, қызметтес жандардың қатарында болды.

Алаш орда.