“Дольче Фарм” ЖШС ғимаратында фармацевтика саласы
Алматы облысы Алатау қаласы Ынтымақ шағынауданында орналасқан еліміздегі ірі медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмек өндірушілердің бірі “Дольче Фарм” ЖШС ғимаратында фармацевтика саласының еңбек ұжымымен кездесіп, “Әділет” партиясының бағдарламасын кеңірек таныстырдық.
Қазіргі күні ұжымда 350 адам еңбек етеді.
“Дольче Фарм” — еліміздің денсаулық сақтау жүйесін сапалы отандық өнімдермен қамтамасыз етіп отырған стратегиялық маңызы бар кәсіпорын. Мұнда өндірілетін әрбір медициналық бұйым мен әрбір дәрі-дәрмек еліміздің импортқа тәуелділігін азайтып, отандық фармацевтика өнеркәсібінің дамуына үлес қосуда.
Кездесу барысында “Әділет” партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарды, соның ішінде “Медициналық тәуелсіздік және инновациялық кәсіпкерлікті қолдау” бастамасын кеңінен талқыладық.
Біздің бағдарламамыз нақты істерге бағытталған.
Біріншіден, отандық өндірушілерге берілетін инновациялық мемлекеттік гранттардың көлемін еселеп арттыруды ұсынамыз.
Екіншіден, “Дольче Фарм” сияқты фармацевтикалық кәсіпорындарға жаңа технологияларды енгізуге және өндіріс көлемін кеңейтуге мүмкіндік беретін тиімді салықтық преференциялар қарастыру қажет.
Үшіншіден, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік сатып алуларда қазақстандық өнімдерге басымдық беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту маңызды.
Сонымен қатар өндіріс орындарындағы жұмысшылардың жалақысын инфляция деңгейінен жоғары қарқынмен тұрақты өсіру, еңбек жағдайларын жақсарту және әлеуметтік кепілдіктерін кеңейту — біздің басты ұстанымдарымыздың бірі.
Партиямыздың бұл жоспарлары кәсіпорын ұжымы тарапынан қолдау тапты.
Өндіріс орындарындағы қарапайым жұмысшылармен, цех шеберлерімен, технологтармен тікелей байланыс орнату — халықтың шынайы мұң-мұқтажын түсінудің ең тиімді жолдарының бірі.
“Әділет” партиясы қашанда адал еңбекке сүйеніп, маңдай терімен ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың мүддесін басты орынға қояды.
Мықты өндіріс — мықты экономика.
Отандық медицина — ұлттық тәуелсіздіктің маңызды тірегі.
Біздің бағытымыз айқын, мақсатымыз — ортақ!
Жанарбек Әшімжан facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/18zQY6wngD/

