ДЕС — сөзінің мағынасын білесіз бе?

«Дес» — күш, қуат, дүлей күш иесі деген мағынада айтылады.

Қасым Аманжолов атамыз жайлы ақиық Мұқағали ақын жыр жолдарында былай-дейді.

Дейсіңдер-ау! Қасымның несі басым?!
Қасым солай болмаса, несі Қасым,
«Ақынмын» деп қопаңдап жүргендердің
Əммесімен Қасымның десі басым-деп ақынның ерекшелігін сипаттап өтеді.

Бірде, төренің батыры Қарасай достарымен Аягөз өзені бойымен жағалап, серуен құрып келе жатқанда, тоғай арасынан ақырып, жолбарыс Қарасай батырға атылады.

Қарасай батыр қолма-қол қолындағы қамшысымен жолбарысты тартып-жіберіп, жер жастандырады.

Қарасай батыр достарына:
-Мынау тосын сый болды,
Қамбар атама сыйға
тартамын!
Не айтады екен? дейді

Кеш бата Қамбар атасына жетеді де сәлем беріп жолбарыстың терісін аяғының астына тастайды

Сонда Қамбар төре:
басын ұзақ шайқап,
мазасызданып,
былай дейді:

Дестерің кеткен екен!
Қиын заманның келгені

Кезінде біз жорытқанда мынадай жүз мысығың бізді көргенде бүгіп қалып, кіретін тесік таппай, қашып тығылып қалатын!

Мына сендерге секіргені,
жаман болды,
Бұл-дестеріңнің кеткені

Осы кезде Қазақия даласына орыс отаршыларының кіре бастаған кезеңі еді!

Қамбар төре — орта жүздің үш руына билік жүргізген Төбе биі әрі батыры болған.
Арғы атасы Санияз батыр, би, шешен, Ақ тулы төре Санияздың әкесі орта жүз ханы Көжек хан болған.

Десі мықты адамнан адамдар түгілі, жануарлардың мысы кетіп, сескеніп, қорқады

Кезінде арыстан едік,
Айға шапқан,
Ысқырып айдаhардай,
мыңды баққан.
Апшыдық, арыстаннан-
қоян болдық,
Кім атып, байланат деп
жалтақ қаққан!
(Қамбар немересі Йіс Маманұлы).

Бауыржан Ешмағамбетов.
Мақсат Сқақтың фб парақшасынан