Сарысулық соғыстың соңғы жауынгері

Сарысулық соғыстың соңғы жауынгері Ібіжанов Қабыл ақсақал дүниеден озды. Қаһармандық пен қайсарлыққа толы Жеңісті бізге сыйлаған қазақтың қайсар ұлының қазасын ауыр қабылдадым.
Екі күн бұрын Жаңа жылымен құттықтап кіріп шыққанымда бәрімізді танып, батасын берген еді, міне, бүгін ортамызда жоқ.
Қарияның қазасына отбасына, ағайын-туған, бауырларына, қазақ еліне, сарысу жұртына көңіл айтамын.
Ібіжанов Қабыл 1926 жылдың 20 желтоқсанында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Сталин колхозында дүниеге келген. 1935-1942 жылдары Сталин колхозындағы мектепте білім алып, «Шилі» колхозында жұмысшы болған. 1944 жылы әскер қатарына алынған. Румыния, Болгария, Эстония, Архангельск қалаларындағы ұрыстарға қатысқан.
«Ұлы Отан соғысының І дәрежелі» орденімен «Маршал Г Жуков» және басқа да мерекелік медальдармен марапатталған.
Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі