Бұл күнде тарих!

Қарақыстақ ауылдық округіне қарасты, 500 ге жуық тұрғыны бар Жалпақсаз ауылы – тыныс-тіршілігі мен шаруасы жарасқан ауданымыздың мықты елді-мекендерінің бірі.

Аталмыш ауыл тұрғындарының ежелден бері өзекті мәселелерінің бірегейі — темір жол өткелін қайта ашу болатын.

Мәселен, қазіргі таңда «Кыргыз темир жолу» ҰК» МК-на қарасты «Луговой-Бишкек» бағытындағы темір жол көлігі аудан аумағынан өтіп, тұрақты қатынауда.

Бүгінгі күнге дейін (№3639 айырылмасы) темір жол өткелі

1968 жылы белгілі бір себебтермен жабылған болатын.

Ауыл тұрғындары, Тасшолақ ауылы арқылы қатынап,

10 шақырымға дейін айналма жолды пайдалануға мәжбүр етін.

Аталған мәселені шешу мақсатында аудан басшылығы мен Қырғыз Темір Жолы өкілдерімен келісім сөздер жүргізіліп, темір жол дәлізін қайта жаңғырып, ашылуына оңтайлы шешім қабылданды.

Қазақ халқы — ежелден татулық пен бірлікті ұстаным еткен. Ұлт-аралық, ағайын мен туыстың, көрші-қолаң мен жақын-жараңның бір-бірімен тату, сыйлы, бауырмал болғанын қалаған.

Міне, бүгін соның арқасында, жергілікті тұрғындар мен ауданымыздың жомарт жандары ежелгі қазақы дәстүрге сай асарлатып, іргетасын қалап, темір-жол дәлізінің қайта жаңғыруына, барлық жұмыстарын ортақ ауызбіршіліктің арқасында, бірауыздан ат салысып, нәтижесінде пайдалануға берілді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні АУЫЗБІРШІЛІК АЛТЫННАН-да ҚЫМБАТ екенінің дәлелі! Айтпағым, халық тыныштығы, бірлігі, ынтымағы, жарасымы өзіміздін қолымызда…

Есеев Бауыржан, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары