САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

Бүгін Қаратау қаласындағы Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында Ата Заңымыз Конституция күніне орай мерекелік концерт өткізілді.

Ең алдымен салтанатты шара қарауыл тарапынан еліміздің көк туын сахна төріне шығарып, Әнұран ойнаумен басталды.

Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер, сала қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.

Шара Талас ауданы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Серимовтың құттықтау сөзімен жалғасты. «Баршаңызды 30 тамыз Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осыдан 27 жыл бұрын еліміздің негізгі ата заңы қабылданды. Бұл Қазақстан азаматтары үшін республика дамуының жаңа беттерінің басталуын білдіретін ерекше оқиға болды. Конституция тәуелсіз Қазақстанның ең негізгі құжаты. Нақты шешімдердің арқасында еліміз өзгерді. Бабалардың аңсаған, армандаған, білектің күшімен, найзаның ұшымен алып қойған жеріміздің қазығын қағу керек еді, міне қазығы қағылды. Өзіміздің елімізді құратын, басқаратын жағдайға жеттік», — деді Қайрат Маратұлы.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Серимовтың құттықтау сөзінен соң, ауданның бірқатар тұлғалары құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды.

Салтанатты жиын жергілікті өнер шеберлерінің мерекелік концертіне ұласты.

Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі