Құрылыс сапалы әрі уақытылы орындаулы керек

Бүгін қала әкімінің м.а. Қайрат Исмаил шаһардағы бірқатар білім ұяларын аралады. Атап айтқанда, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясы, «Арай», “Барысхан» тұрғын алқаптарындағы құрылысы жүргізіліп жатқан мектептер.

Бүгінгі күні 1980 жылы салынған №39 мектеп-гимназиясында 2214 бала білім алуда. 3 қабаттан тұратын оқу ошағы қос тілде білім береді. «Арай», “Барысхан» тұрғын алқаптарындағы құрылысы жүріп жатқан мектептер келер жылы есігін ашпақ.Дегенмен мердігерлермен мектептерді мерзімінен бұрын табыстау мәселелері қарастырылуда. Сондай-ақ, биыл А.Асқаров көшесінің соңында орналасқан №61 су жаңа білім ұясы қолданысқа беріледі.

Зерделеу жұмыстарының соңында Қайрат Әбілханұлы жауаптыларға білім ошақтарының құрылысын сапалы әрі уақытылы орындауды тапсырды.

Тараз қаласының әкімдігі