АУЫЛАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Ащыбұлақ ауылында Қарасу ауылдық округі мен аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен кіші футболдан ауыларалық турнир өтті.

Турнирге 11 команда қатысып, өзара жеңімпазды анықтады.

Шараның ашылуына аудан әкімі аппаратының басшысы Самат Селеубаев пен ауыл әкімі Мади Жанұзақов қатысып, аяқдопшыларға сәттілік тіледі.

Жамбыл ауданы