Аудан әкімі ардагер спортшыларды марапаттады

Бүгін Талас ауданының әкімі Қанатбек Қайшыбекұлы Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш рет 60 жастан асқан ардагерлер арасында өткен республикалық чемпионат жүлдегерлерін қабылдап сый – сияпат көрсетті.

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылдың 26 маусым – 1 шілде күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында кіші футболдан 60 жастан асқан ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының алғашқы чемпионаты өткен болатын. Бұл дүбірлі додада Қаратаулық “Казфосфат-Намыс” командасы жеңімпаз атанды.

Талас аудан әкімдігі