АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сегізінші шақырылған Мойынқұм аудандық мәслихатының бірінші сессиясы өтті.
Аудан әкімі Әлихан Балқыбеков, аудандық, Қоғамдық кеңестің төрағасы Шахикерім Исабеков, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме-ұйым басшылары және аудандық
мәслихат депутаттары қатысқан жиынды
аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Сержан Садуақасов ашып, жүргізіп отырды.
Сессияда аудандық мәслихат депутаттары сегізінші шақырылған Мойынқұм аудандық мәслихатының төрағасын сайлады.
11 депутаттың дауысына ие болған Нұртас Саурықов сегізінші шақырылған Мойынқұм аудандық мәслихатына жетекшілік етеді.

Мойынқұм ауданы әкімдігі