ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫНА КІРІСТІ

Жуырда ғана ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы өткенін дүйім жұрт жақсы біледі. Партия ұсынған және бірмандаттық округтан өзін-өзі ұсынған үміткерлер ел сеніміне ие болу үшін үгіт-насихат жұмыстарын қызу жүргізгені де белгілі. Өзіміздің өңірдегі 17 округтен 60-қа жуық кандидаттар бақтарын сынап, солардың ішінен 17-сі халық қалаулысы атанған еді.

Осыған байланысты, бүгін Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлауда жеңіске жеткен жерлестерімізге мандаттарын салтанатты түрде табыс етті. Сонымен бірге, халық қалаулылары Жасұлан Әбеновты бірауыздан мәслихат төрағасы ретінде сайлады. Аудан әкімі Бақытжан Жәнібековте өз кезегінде жаңадан сайланған мәслихат депутаттарын мандат алуымен құттықтап, халыққа қызмет ету жолында тізе қосып жұмыс істеуге әзір екендігін жеткізді.

Шу ауданы әкімдігі