Тараз қаласында Freedom Bank бөлімі ашылды.

Қаламыздың орталығында «Bank Freedom Finance Kazakhstan» АҚ жаңа филиалының салтанатты ашылуы өтті. Аталмыш іс – шараға басқарма басшысы А.Сейсебаев, «Фридом Банк» АҚ басқарма төрайымы Гүлфайруз Ахметова, ҚР Ұлттық банкі Жамбыл облысы филиалының директоры Евгений Шарыгин, сондай-ақ кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Филиал жеке және заңды тұлғаларға кешенді қызмет көрсетуге бағытталған. Бөлім үш кассамен, кеңес алуға ыңғайлы аймақтармен, электронды кезекпен және VIP клиенттерге қызмет көрсету бөлмесімен жабдықталған.
Freedom Bank нарықта 2021 жылдан бері жұмыс істейді. Банк қысқа уақыт ішінде Қазақстанда баламасы жоқ цифрлық өнімдерді әзірлеп, нарыққа шығарды. Бұл цифрлық ипотека және цифрлық автокөлік несиесі, сондай – ақ, бұл тәсілді құжаттарды жинамай-ақ, бір күннің ішінде онлайн режимде беруге болады.
Цифрлық автонесие іске қосылғаннан бері 10 айдың ішінде оны 5 мыңнан астам қазақстандық пайдаланып үлгерді, және 143 мыңнан астам көлік онлайн түрде бағаланды. Сондай-ақ банк электронды әмияндарға цифрлық құжаттарды қосуға мүмкіндік береді, мультивалюталық депозиттік картаны, инвестор картасын және шағын және орта бизнеске арналған кең ауқымды мамандандырылған өнімдерді іске қосты.
Қазақстан бойынша Тараз қаласы, банк бөлімшелері ашылған 11-ші қала болды.
Сөз соңында басқарма басшысы А.Сейсебаев соңғы бір жылдың ішінде кәсіпкерлер саны 37 пайызға артқанын, сондай – ақ, бизнестің дамуы өңірдегі жұмыс орындарын кеңейтуге және 24 000-нан астам адамның жұмыспен қамтылғаны туралы тоқталды. Freedom Bank-тің цифрлық қызметтері бүгінде барлық жерде өзекті. Өңірімізде банктің ашылуы кәсіпкерлікті дамытуда елеулі рөл атқаруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Freedom Bank-тің жұмысының қарқынды өсуіне сәттілік тіледі.

Жамбыл облысының кәсіпкерлік басқармасы