Аудан экономикасын нығайтуға бағытталған аппараттық кеңес өткізілді
Ауданның өзіндік кірістерін ұлғайту және инвестициялық жобалардың орындалу барысын талқылауға арналған аппараттық кеңес өтті. Жиынға аудан әкімі Ернар Есіркепов қатысып, өзекті бағыттар бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Кеңес барысында аудан экономикасының негізгі көрсеткіші саналатын өзіндік кірістер мәселесі жан-жақты қаралды. Қазіргі уақытта ауданның өзіндік кірісі 4,4 млрд теңгені құрап отыр. Бұл – өңірдің қаржылық мүмкіндігін айқындайтын маңызды көрсеткіш. Алдағы міндет – осы көлемді кезең-кезеңімен ұлғайтып, аудан бюджетінің тұрақтылығын арттыру және әлеуметтік міндеттемелердің толық орындалуын қамтамасыз ету.
Кеңес барысында келесі жылға арналған бюджет жобасы, ауылдық округтердің кіріс көздеріне жасалған талдау нәтижелері және бюджетті көбейтуге бағытталған бірқатар ұсыныстар талқыланды. Сонымен бірге жергілікті деңгейде түсімдерді арттыру, кәсіпкерлік белсенділікті қолдау, жаңа жобаларды іске асыру және инвестициялық бастамалардың орындалуын жандандыру бағытындағы негізгі мақсат-міндеттер айқындалды.
Аппараттық кеңестің қорытындысы аудан экономикасын тұрақты дамытуға және қаржылық әлеуетті арттыруға бағытталған жұмыстардың жүйелі жалғасатынын көрсетті.


