Ата Заң құндылықтары және салауатты ұрпақ

Еліміздің басты құжаты – жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – әрбір қазақстандық үшін маңызды оқиға. Осыған байланысты Түркістан маңынддағы жазғы сауықтыру лагерьлерінде «Көңілді старттар» атты ауқымды спорттық эстафеталар ұйымдастырылды. Бұл нағыз құндылықтар алаңына айналды деуге болады.

Бұл іс-шараның негізгі ойы – спорт арқылы балаларға Ата Заңымыздың басты қағидаттарын түсіндіру. Ойын алаңындағы әділдік, тәртіп, өзара құрмет пен теңдік ұғымдары – Конституциямыздағы заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершіліктің шағын көрінісі. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткен бұл шара жасөспірімдердің бойында отансүйгіштік рухты оятып, нағыз патриоттарды тәрбиелеуге бағытталды.

Іс-шара барысында шымыр денемен қатар, ұйымшылдық пен рухқа мән берілді.Спорттық эстафета барысында лагерь демалушылары түрлі командалық сайыстарда бақ сынады. Достық пен өзара қолдау рухында өткен тартысты жарыстарда балалар өздерінің ептілігін, шапшаңдығы мен төзімділігін көрсетіп, нағыз ұйымшылдық танытты. Мазмұнды демалыс қашан да жарқын болашақ кепілі болмақ. Ал салауатты өмір салтын серік еткен шымыр да ширақ ұрпақ еліміздің ертеңіне айналары сөзсіз.