АССАЛАУМАҒАЛЕЙКҮМ ҚАЗАҚ ЕЛІ..! Барлықтарыңызды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды сақтауға, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
7 Мамыр – Тәуелсіз еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденіп, қайсар, ержүрек батырлардың жауынгерлік қасиетінің заңды жалғасын тапқан күні.
Конституциямызбен бекітілген абыройлы міндетті орындау үшін әскери сарбаздар еліміздің шекарасын күзетіп, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қорғауға лайықты үлесін қосуда.
Осы орайда еліміздің бірлігі мен қауіпсіздігін қорғаушылар – әскери қызметкерлер зор құрметке лайық. Біз бұл күні Ұлых Отан соғысы ардагерлерінің алдында тағзым етеміз. Ерлік пен батылдықтың ерен үлгісін көрсеткен барлық жерлестерімізге

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Тәуелсіз елімізге қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Қызметін мінсіз атқарып жүрген әскери қызметкерлерге алғыс білдіремін. Еліміздің тыныштығын сақтау жолындағы жауапты қызметтеріңіз табысты болсын!
Бақытты ұрпақ ашық аспан астында береке-бірлікте өмір сүре берсін! Тәуелсіз еліміздің тұғыры қашанда биік болсын!