АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА 600-ДАН АСТАМ НЫСАН ASHYQ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСЫП ОТЫР

Бүгінгі күні өңірде ағымдағы жылдың 13 сәуірінен бастап іске қосылған «Ashyq» бағдарламасында нысандарды тіркеу жалғасуда. Осы уақыт ішінде барлығы 620 нысаннан өтінімдер келіп түсті, олардың барлығы қазіргі уақытта арнайы QR-код алды.

«Ashyq» жобасын енгізудің негізгі мақсаты — коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға бару жағдайларын болдырмау. Бизнес үшін қосымшаны пайдалану шектеу шараларына қарамастан, тіпті локдаун жағдайында да жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

— Қазіргі уақытта «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар қатарында 18 фитнес және спорт клубтары, 13 сауна, бассейн және СПА-салондар, 3 театр, 4 кинотеатр, 8 бильярд, 11 компьютерлік клуб, 31 лото-клубтар, 1 балалар ойын — сауық орталығы, 323 қоғамдық тамақтану объектісі және 208 ерікті қатысушы бар, олардың арасында университет , кітапханалар , кеңселербар, — деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлупан Шынтасова.

 

 

Оның айтуынша, QR-код алған 610 нысанның 424 — і тестілік режимнен өткен, олардың тізімі облыс әкімдігінің сайтында жарияланған.

«Ashyq» жобасына қатысушылардың дені Ақтөбе қаласында орналасқан нысандар: 483. Мұғалжар ауданында қосымша бойынша 35 нысан, Хромтау ауданында – 22, Ойыл ауданында — 20, Темір ауданында — 15, Шалқар ауданында —13, Қобда ауданында — 7, Алға ауданында — 6, Байғанин және Мәртөк аудандарында — 5 нысан, Әйтеке би, Ырғыз және Қарғалы аудандарында3 нысан жұмыс істейді.

— «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істегісі келетін кәсіпкерлер кеңес алу үшін Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасына немесе оның аудандық филиалдарына жүгіне алады, — өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдері.

Айта кету керек, қазір «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға келушілер Aitu, Egov mobile, Kaspi.kz, Halyk Homebank, Sberbank.kz платформаларын да пайдалана алады.