Талибан содырлары Орталық Азия шекарасына келді

Azattyq: Ауған үкіметінің күштері елдің солтүстігінде қуғында жүр. 200-ге жуық сарбаз тәліптердің шабуылынан бас сауғалап, Тәжікстан мен Өзбекстанға қашқан. Орталық Азия елдері өз шекарасында өршіген ескі қақтығыс-тың қайта тұтанғанына куә болып отыр.
Әскери қимылдар аз уақытта Ауғанстанның солтүстік шекарасына жетіп, қақтығыс алауы Орталық Азия аумағына өтіп кетті. 22 маусымда Ауғанстан үкіметі әскерінің Тәжікстанмен шекарадағы маңызды нүкте саналатын Шерхан-Бандар қаласында ойсырай жеңілуі Орталық Азия басшылары үшін де, тәліптердің шабуылынан бас сауғалап, Тәжікстанға қашқан 134 ауған жауынгері қашып өткен.