ЕНДІ САРЫСУДА СҮТ ЦЕХЫ БАР

Баршамыз мәлім, біздің халық үшін сүттің орны бөлек. Қазақ қашаннан «Ақ мол болсын» деп, сүт өнімдерінің қадіріне ерекше мән берген.

Бүгін міне, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен «6 шілде – Елорда күні» мерекесі қарсаңында игі іс-шараның куәсі болып отырмыз.

Ауданымызда өндірілетін азық-түлік өнімдерінің 20 пайызы сүт өндірісінің үлесінде екендігі белгілі.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде, заман талабына сай технологиямен жабдықталған сүт өнімдерін өндіру цехін іске қосылуда.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында еңбегімен елеулі болып жүрген азаматтар аз емес.

Осы игі істі абыроймен атқарған «Байтұр 2050» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Шаймқұлов Фархатқа ел алғысы шексіз.

Сүт өңдеу цехының ашылуынан ауданымыз үшін тек игілік күтеміз.

Себебі, сүттің өзін ғана сатқаннан, оны өңдеп сату қай тарапқа да тиімді.

Біріншіден, өнім түрі молаяды, екіншіден, халық сұранысын қамтамасыз етеді.

Ауданымызда халықтың игілігі үшін жасалып жатқан көптеген нысандар ашылып, қарқынды жұмыс жасалынып келеді.

Бүгін өздеріңіз көріп тұрғандай халықтың күнделікті ас мәзірі етіп пайдаланатын сүт цехының ашылуында аудан әкімі М. Сұлтанғалиев құттықтау сөз сөйлеп, аталмыш цехтың алдағы атқаратын жұмыстарына кеңінен тоқталып өтті.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев сарысулықтардың қуанышымын бөлісіп, бүгінгі күннің қуанышты сәттерінің куәсі болды.

Қариялар қауымы ақ жарма тілектерін арнап, салтанатты түрде цехтың ашылуы өтіп, ақ баталарын берді.

 

Д.Үмбетиярова, Сарысу ауданы