АҚСУЛЫҚТАР КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Бүгін аудан орталығынан шалғайда орналасқан Ақсу ауылдық округіне табиғи газ жеткізіліп, салтанатты түрде тұрғындардың игілігіне берілді. Бұдан былай мұндағы тұрғындар қатты отынның машақатынан құтылып, көгілдір отынның игілігін көретін болады.
Жыл соңына дейін тағы 6 ауылды табиғи газбен қамту жоспарланып отыр. Одан бөлек, ауданнан шалғайда жатқан елді мекендерге де магистралды газ құбыры жүргізілетін болады.
Көгілдір отын ауыл тұрғындарының тіршілігіне ерекше серпін беріп, қатты отынға деген тәуелділіктен құтқаратыны анық.

 

Оның үстіне, елді мекендерге газ тарту, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру – мемлекеттік саясаттың ең негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Сондықтан да бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта ерекше қарқын алатын болады.

Сәкен Арубаев,

Шу ауданының әкімі