Алтын Орда – тек өткеннің тарихы емес.
Бұл – Ұлы дала өркениетінің жаһандық деңгейдегі тарихи ізі, мемлекет құру мәдениеті мен Еуразия кеңістігіндегі өркениеттік ықпалдың символы.
Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуымен өткен «Алтын Орда» халықаралық симпозиумы Қазақстанның Жошы Ұлысын зерттейтін әлемдік ғылыми орталықтардың біріне айналып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Президентіміз ұлттық тарихты терең зерделеу – болашақ сананы қалыптастырудың негізі екенін бірнеше рет атап өтті. Осы бағытта құрылған Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институты – отандық тарих ғылымындағы маңызды институционалдық қадамдардың бірі.
2026 жыл – тарихи тұрғыдан ерекше маңызға ие кезең:
Бұл – тек мерейтой емес. Бұл – тарихи жадымызды жаңғыртуға, ұлттық сананы күшейтуге мүмкіндік беретін тағылымды белес.
Әсіресе Алтын Орданың көпэтносты әрі көпконфессиялы мемлекет ретіндегі тәжірибесі қазіргі әлем үшін де өзекті. Түрлі халықтар мен мәдениеттердің өзара құрмет негізінде қатар өмір сүруі – бүгінгі жаһандық тұрақтылық үшін маңызды тарихи сабақ.
«Қайталап айтамын: тарихтың дәрістері дамуға бет алған болашақпен үндескенде ғана өркендеу жолына түсеміз.
Бұл орайда, Алтын Орданың сан қилы тарихы мен тағдыры мемлекеттердің күш-қуаты түрлі мәдениеттерді нәтижелі гуманитарлық және саяси серіктестіктің бірыңғай жүйесіне біріктіре алуынан көрінетінін еске салады. Осы стратегиялық бағытты ұстана отырып, Қазақстан түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығын белсенді түрде дамытуды, аймақ елдерінің экономикалық және технологиялық әлеуетін нығайту үшін Еуразия кеңістігіндегі өзара ықпалдастық идеясын жан-жақты ілгерілетуді жан-жақты қолдайды.
Мысалы, 2025 жылы ШЫҰ саммитінде «ТрансАлтай диалогы» бастамасын көтердім. Бұл идея Ресейдің «Алтай – түркілердің ата қонысы» тұжырымдамасымен үйлеседі».
Алтын Орданың тарихы бізге бір маңызды ақиқатты еске салады: мемлекеттің шынайы күші – әртүрлі мәдениеттер мен халықтарды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіре алуында.
Ұлы дала тарихын зерттеу – өткенді ғана тану емес. Бұл – болашақтың рухани іргетасын қалыптастыру.

