«Алматыкітап» баспасының өкілдері Түркістанға келді

 

Түокістанда баспа өкілдерімен рухани кездесу өтті. «Алматыкітап» баспасының баспасөз президенті Саймасаева Гаухар Айтжанқызы және тарих ғылымдарының докторы, профессор Эспарса Анна Андреевнаның қатысты.

Кездесу «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» атты кітап-альбом дайындау мақсатында жүргізілген мәдени-ағартушылық жоба аясында құрылған зерттеу тобының Түркістан облысындағы жұмыс сапары аясында ұйымдастырылып отыр. Шара барысында құрметті меймандар кітапхана ұжымымен емен-жарқын жүздесіп, жоспарланып отырған кітап-альбомның негізгі концепциясы, идеялық мазмұны мен құрылымы туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, Түркістанның тарихи, рухани, мәдени келбетін ашатын тың деректермен бөлісіп, болашақ басылымның ерекшеліктеріне тоқталды.

Профессор Анна Андреевна өз сөзінде Түркістанның түркі жұрты үшін тек тарихи ғана емес, өркениеттік және символдық мәнге ие екенін ерекше атап өтті. Ал Гаухар Айтжанқызы бұл жобаның мақсаты – Түркістанның өткені мен бүгіні жайлы нақты әрі көркем мазмұндағы кітап-альбом жасап, отандық және халықаралық оқырманға ұсыну екенін тілге тиек етті.

Түркістан қаласы