— Алланың құдіретіне шек жоққой…

Баяғыда бір досым бар еді, қазірде бар сол досым бірнәрсе істеп сотталып еді. Сол түрмеден ерте шықты ауырып қылтамақ деді ме, рак деді ме әйтеуір ауру болып ауылға келді…..

Содан сол досым төсек тартып тұрамай жатып қалды, аяқ жағында тамағынан аста өтпей қалды.
Ағарған сүт айранның өзін қасықпен беретін болды……
Келіншегінен екі-үш баласы болатын, содан біз дос жараңдар болып анда-санда соғып тұратынбыз жол түссе. Барсақ болды қуанып қалады кейде жылайды жас кетіп бара жатырмын деп.
Біз қайдағыны айтпай отыршы деп қоямыз іштей басқаша ойланып қаламыз.
Не керек күннен күнге нашарлай бастады, аққалаттылар санаулы күндері қалғанын айтты.
Сөйтіп біздерді жиі шақыратын болды, бізде жиі барып ішіп-жеп, ойнап-күліп қайтатын едік……..
Бір күні досым түнгі екі-үштер шамасында әйелін оятып, шай ішкім келіп жатыр шай берші ыстықтау дейді.
Содан әйеліде жақсы жар еді қиналмастан төсегінен тұрып шай қойуға кіріседі.
Енді самаурынға су құйайын десе шелектер бос қалыпты, содан шелегін алып құдыққа барады. Ол кезде газда жоқ, ағын суда жоқ кез еді.
Содан әйелі құдықтан суын алып самаурынға құйып отынын тұтатып әйтеуір қайнатып самаурынды ішке алып кіреді……
Шәйнекке шайын демдеп, кесеге құйып қасықпен бере бастайды.
Ол әшейінде төрт-бес қасық ішетін күйеуі сол кесені қасықтап ішіп қояды.
Әйелі аң-таң болып тағы кесеге шай құйады, ол тағы бітіріп қойады. Содан күйеуі айтады өзіме берші өзім ұстап ішейін деп кесені алады.
Не керек, таңға дейін жарты самаурынды терлеп-тепшіп ішіп қояды. Шындығында әйелі қорқа бастайды бұның көп шай ішкеніне.
Содан таң ата сол ауылда ата-енесі тұратын еді үш-төрт үй әрі, соларға жүгіріп барады әйелі. Ойбай ата-апа, анау Өмірбек жарты самаурын шай ішіп қойды не екенін білмеймін деп жылайды байғұс.
Мүмкін өмірінің соңы деп солай ішкен шығар дейді. Содан енесі айтады, қарағым сен көзілдірік кимесең аяқ астын көре алмайтын едің, қалай көзілдіріксіз келдің-ау дейді.
Сол кезде көзілдірік есіне түседі, күйеуі екеуі шай ішіп отырғанда шешіп қойғанын.Ойбай қалай келдім деп өз-өзіне таңданады. Содан үшеуі баласынын үйіне қарай жүреді. Қараса балдарының келбеті нұрланып, күліп отыр мәз болып.
Содан әйелі самаурынды аулаға алып шығып шай қойайын деп самаурынды қағып жатса, ішінен жылан шығып жатыр екен.
Ішке кіріп ата-апау самаурынды қақсам ішінен жылан шықты дейді, әке-шешесі аулаға шығып қараса шынымен жылан жатыр.
Бұл не деген жылан деп тайақпен шұқыласа көлбар жылан екен, ал орыстар «тупой хвости» дейді.
Алды-арты балтамен шауып тастағандай болады. Сол кезде әкесі айтады, түсінікті болды бұл бала неге көп шай ішкені, келіннің неге көзілдіріксіз жүргені дейді. Бұл жыланды баяғыда ем үшін ішкен адамдар, Алла Тағаланның құдықта шелекке түсіргенін, бұл екеуінің өмірі ұзақ болатынын айтып батасын беріп аумин деп бәрі жиналып жаңа шайдан ішеді.
Алланын құдіреті сол досымыз жазылып кетеді әйелі көзілдірігін тастап кетеді. Содан бері сол екеуі әлі бар, тағыда екі-үш балалы болып әйелі қазір алтау ма, жетеу ма балдары бар.
Бала-шағасы өсіп-өніп ер жетті қазір. Қазір алпыстардан асты бақуат тұрады бұрынғыдай көп араласпаймыз анда-санда кездесіп қаламыз сол кезде күліп мәз мәйрәм болып тарқасамыз. Бәріңізге дең-саулық тілеймін ауырмаңыздар жақсылар….