ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ КҮШЕЙДІ: ТӘЖІРИБЕ МЕН ОЙ ТҮЙІСТІ
Құрылтай сайлауы жақындаған сайын саяси жаңалықтар көбейе түсуде. Кезіндегі «Аист блогы», не «Халықтық коалиция» сияқты саяси одақтастық форматы белгілі бір саяси мақсатқа жету үшн ғана уақытша шешімдер болса, Аманат партиясының сужаңа Әділеттің құрамына кіру шешімі бір қарағанда түсініксіз жайт, бірақ саясаттың тарихи кезеңімен талдасақ, қадамы тарихи болмақ.
Сарапшылар, саясатта кейде бір кезең аяқталып, оның орнына жаңа саяси дәуір басталатынын жиі айтады. Бүгінгі «Әділеттің» «Аманатты» қосып алуы дәл сондай тарихи сәттің бірі. Бұған қоса, Аманттың бастауы кешегі елбасылық дәуірде пайда болған ірі саяси монополист «Нұр-Отанның» сарқыншағы деген ассоцияциясы деп қабылданса, бұл Әділетті Қазақстанның жаңа құндылықтарына моральдік тұрғыда санаға сыймайтын еді.
Айтпақшы, Президент Тоқаев жаңа әділеттілік құндылықтарын ұстанып, партиялық монополиядан бас тартып, төрағалығынан кетіп, азаматтардың өзіне табыстағанын ұмытпайық. «Жаңа Қазақстан қайда» дейтіндерге, осының өзі де мысал. Аз болса, саяси ені басылған монополистік Нұр-Отанның атын халықтың аманаты болсын деп «Аманат» деп брендбугын өзгертсе, ал енді дәу нүктесі болып «Әділетті Қазақстанды» құрамыз дегендей, отыз жылдан партиялық тарихы бар «Аманатты» «Әділеттің» құрамына енгізе салды. Меніңше, бұл жаңаша трансформация, санаға шабуыл, ескі көк етікті жаңа көк етікке ауыстыруға оқталған батыл шешім.
Әлбетте, саяси алаңдағы күштердің шашырап кетуіне жол бермей, алдағы тамыздағы Құрылтай сайлауына бөлек қатыспай, бір бағытты қолдайтын электоратты сақтап қалуы дұрыс тоқтам. Болмаса, саяси бәсекеде түсінбеушілік орын алатын жағдайды алдын алғаны орынды болды. Сондықтан, «Аманаттың» «Әділет» құрамына қосылуы саяси жүйені жинақтап, қоғам үшін түсінікті формат қалыптастырып отыр.
Жалпы «Әділет» партиясы кездейсоқ жоба емес. Наурыздағы референдумнан кейін жаңа конституциялық кезеңнің жемісі. Партияда біз танитын мемлекеттік басқаруды, құқықтық реформаларды, экономиканы жақсы білетін мамандар жүр. Басты мақсаты Конституциядағы өзгерістерді қағаз жүзінде емес, саяси өмірде жүзеге асыру болмақ.
Қазір қоғамға тұрақтылықты сақтап, батыл реформаларды жүргізетін саяси күш қажет. Осы тұрғыда «Әділет» жауапкершілікті мойнына алуға дайындығын көрсетіп отыр.
Бұл жерде «Аманаттың» бай ұйымдастырушылық тәжірибесі мен «Әділеттің» жаңа идеялары, технологиялық және басқарушылық мүмкіндіктері бір арнаға жиналды. Тәжірибе мен ой түйісті. Ұтпаса, ұтылмайтын қадам.
Енді Құрылтай сайлауы жаңа саяси сынақ болмақ. Саяси бірігу жай партиялардың қосылуы емес, елдің саяси өмірінде жаңа науқанның күшеюі мен ашылуы ғана. Саясат қыза түсті.

