АҚЫЛДЫ ЕНЕ
Ертеде ақылды, сабырлы ене, жалғыз ұлына келін түсіріп, шаңырағына шаттық кіргізеді. Бірақ келін жаңа өмірге бейімделе алмай, кейде енесіне қатты сөйлеп қоятын болған.
Бірде келін енесіне қатты сөз көңілін қалдырады. Енесі жауап қайтармай үйден шығып кетеді.
Біраздан соң қайтып келіп:
— Айналайын, маған айтқан ауыр сөздеріңді қағазға жазып, өзен суына тастап келдім.
Келін аң -таң….
— Неге өйттіңіз, апа?!
Енесі күлімсіреп:
— Себебі, сенің айтқан сөзіңді жүрегіме сақтасам, екеуміздің арамызда үлкен өкпе-реніш қалуы мүмкін. Ал суға тастасам, ол сөздерді су ағызып әкетеді. Екеуміз бір отбасының адамымыз. Сондықтан ренішті ұмытып, кешірімді болу керек, айналайын келін! — депті.
Ғибрат сөз ұнады ма? Осы өсиет айқай-шудың алдын алды. Ажырасуға жол бермеді. Осындай енелер көп болсын!

