🔰Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен Тараз қаласын дамыту, мәселелерді шешу жолдарын қарастыру бойынша кеңес өтті.

📍Жиынға қала басшылығы, аумақтық округтердің бас инспекторлары, пәтер иелерінің кооперативтері, мүлік иелерінің бірлестігі, кварталдық комитет төрағалары мен үй ағалары да қатысты.
❗️Ербол Қарашөкеев бұған дейін жұмыс кестесінен тыс таңертеңгілік уақытта қаланың бірқатар аумақтарын аралап, тазалық, аулаларды реттеу бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелгенін жеткізді.
✅ Аймақ басшысы, күрделігіне қарай ол тапсырмалардың орындалуы өз нәтижесін көрсетіп жатқанымен, ауқымды мәселелерді шешу үшін алдағы уақытқа жүйелі жоспар, нақты шаралар керектігін атап өтті.
Жамбыл облысы әкімдігі