Жылу беру жұмыстары жүйелі жүруде

Таразда 2023 жылдың 12 қазанынан бастап жылыту маусымы басталды. Бүгінде әлеуметтік нысандардың барлығына жылу кезең-кезеңімен берілуде.
 Бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелілігін тексеру мақсатында бүгін облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұрбол Қалдыбаев, облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев және де өзге де жауапты тұлғалар шаһардағы бірнеше әлеуметтік нысан мен тұрғын үйге арнайы барып, құбырларды жаңарту, көпқабатты үйге жылудың келу көрсеткіштерімен танысты.
🔹Қанатбек Қайшыбекұлы әуелі №34 және №13 балабақшаларда болып, нысанға жылу беру жұмысына қанығып, бұл мәселеге аса жауапкершілікпен қарау керектігін баса айтты.
📌Бүгінде облыс орталығындағы тұрғын үйлерге де жылу кезең-кезеңімен қосылуда. Айталық, шаһардағы 1 730 нысанның 1 271-і, яғни 73 пайызы жылумен қамтамасыз етілген. Енді бірер күнде қала толығымен жылумен қамтылады.
🔹Жұмыс сапары барысында жауапты тұлғаларға қажетті қатты және сұйық отын жеткізу жұмыстарын бақылауда ұстап, жылу беру маусымын сапалы ұйымдастыру жүктелді.