♦️ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

♦️Бірінші сыныпқа құжаттар қабылдаудың аяқталуына 6 күн қалды.

▶️Бұл процесс ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау egov.kz электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, мектептер құжаттарды қағаз түрінде де қабылдайды.

♦️Қажетті құжаттар тізімі:
✅ата-ананың өтініші;
✅баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
✅«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
✅063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅баланың 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті.

♦️Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.