Сарысу ауданы бойынша 212 спорттық нысан жұмыс жасауда

♻️ Сарысу ауданында спорт саласында тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

✅ Аудан көлемінде 20 спорт түрі жақсы дамыған (футбол, баскетбол, волейбол, шахмат, дойбы, бокс, каратэ-до шотокан, каратэ-до wkf, дзю-до, грек-рим, самбо, үстел теннисі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, қол күресі, джуи джитсу).

⚜️ Сарысу ауданында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 16 309 адамға жеткен. 2022 жылдың 6 айлық көрсеткіші бойынша салауатты өмір салтын насихаттау бағытында ауданда барлығы 88 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 9140 адам қатысты.

Аудан бойынша 9 ауылдық округте спорт жөніндегі нұсқаушы әдіскерлер жұмыс атқаруда. Жетістіктерге жете тоқталсақ, 2022 жылы 6 жаттықтырушы «Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы», 12 спортшы «ІІ-спорттық разряд», 8 спортшы ІІІ жасөпірімдік дәрежелерін иеленді. Халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарда жоғары өнер көрсеткен спортшылар 177 медальге қол жеткізген. Атап айтсақ, халықаралық жарыстарда 3 алтын, республикалық жарыстарда 13 алтын, 6 күміс, 23 қола, облыстық жарыстарда 49 алтын, 35 күміс, 48 қола аудан спортшыларының еншісінде.

Облыс әкімі мен аудан әкімі арасында жасалған келісімнің түйінді нысаналы индикаторларының 2022 жылға жоспары бойынша «Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту» мақсатында тұрғындардың спорт нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында тұрғындарды қабылдау мүмкіндігіне қарай бөлім тарапынан талдаулар жүргізіліп, қазіргі таңда аудан тұрғындарының спортпен шұғылданулары үшін түрлі деңгейдегі 212 спорттық нысан жұмыс жасайды.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі