ҚР Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бибігүл Амангелдіқызы Асылова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бибігүл Асылова 1975 жылғы 20 қыркүйекте Көкшетау облысында дүниеге келген.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Нархоз университеті) тәмамдаған.

Еңбек жолын Көкшетау облыстық қаржы басқармасынан бастады. Көп жылдар бойы қаржы министрлігі жүйесінде еңбек етіп,  экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің,  мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің, статистика агенттігінің бөлімдерін, басқармаларын, департаменттерін  басқарды.

2014 жылдан бастап білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалғанға дейін қаржы министрлігінің әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры қызметін атқарды.

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған.

Көптеген құрмет грамоталары, мерейтойлық медалдары және алғыс хаттары бар.