«Зимние святки» мерекелік шарасы ұлттар ынтымағын паш етті

Құрманғазы мәдениет үйінде Атырау облысы ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің ұйымдастыруымен  «Зимние святки»  атты мерекелік  шара өткізілді.     Шараны  «Светоч» славян этномәдени бірлестігінің мүшесі Татьяна Капуова жүргізді.

Аталған шараны  «Светоч» славян, «Иверия» грузин, Орыс, славян, казактар бірлестігі, «Довира» украин, «Таврос» армян  этномәдени бірлестіктері  ұйымдастырды.

Мерекелік шараға этномәдени бірлестік мүшелері мен қала тұрғындары қатысты.

Концерттік бағдарлама ән-бимен жалғасып, шара соңында  көрермендер жарқын әрі әсерлі  күйде болып, фото-суреттерге түсіп, мәз-мейрам болып  тарасты.

 

     Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі