Жолдауға қолдау

Биылғы Жолдауға деген елдің ықыласы ерекше. «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ», деп атының өзі айтып тұрғындай, жаңа қоғамдық дамуымыздың жаңа кезеңінің кешендік мәселелері жан-жақты қарастырылып отыр. Бұған, әрине, әлеуметтік күштердің қай тарабы да, қай буыны да енжер қарай алмайды. Өйткені реформа жүргізу тойға әзірлік емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайткенде қалың бұқараның үмітін ақтай аламыз ?-деген сауалға сауатты жауап қаттты.
Жолдауда Президентіміз:
– Еліміздің жаңа экономикалық бағыты
7 негізгі ұстанымға негізделуі қажет екенін атап өтті.
Олар: Бірінші – пайда мен міндеттерді тең бөлу.
Екінші – жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі.
Үшінші – адал бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарықты ашу.
Төртінші–технологиялық экономиканы көтеру,өнімділікті арттыру
Бесінші – адами капиталды дамыту,білім берудің жаңа түрін инвестициялау.
Алтыншы – экономиканы «көгалдандыру», қоршаған ортаны қорғау.
Жетінші – мемлекеттің дәйекті, қисынды шешімдер қабылдауы және олар үшін қоғам алдындағы жауапкершілігі.
Бүгін аталған Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды толғамдап, аудандық актив жиынын өткіздік. Мұнда әр саладан келген мамандар ойларын ортаға салды.
Алда біздерді бірлесіп атқаратын қыруар жұмыстар күтіп тұр. Біздің міндетіміз – Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды мерзімінде орындап шығу.
Осыған орай, Жолдауды іске асыру ауданның, тұтастай алғанда, еліміздің игілігі үшін әрбірімізге жеке жауапкершілік жүктейді.
Шу ауданының әкімі Нұржан Календаровтың фейсбук парақшасынан