ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАР-МЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ұлттың рухани тұтастығы мен мақсат-мүдде бірлігін танытқан қозғалыстың бірі – Желтоқсан оқиғасы.

Осы орайда, аудан әкімі Ернар Есіркепов Тәуелсіздік үшін табандылық танытқан желтоқсаншылармен кездесіп, егемендікті жақындатқан ерліктеріне алғыс білдірді.

Желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен өткен кездесуде аудан басшысы Ернар Серікәліұлы сыр-сұқбат құрып, қазіргі өскелең ұрпаққа, жастарға патриоттық тәрбиені насихаттаудың маңыздылығына тоқталып өтті:

-Жыл өткен сайын Тәуелсіздіктің бастауы болған Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы тереңдей түспек. Сіздердің ерлік істеріңіз халық жадында мәңгілік сақталады. Желтоқсан қаһармандарының арқасында қол жеткізген еркіндігімізді, әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиіспіз. Бұл — біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.
Осыдан 36 жыл бұрын 16-17 желтоқсан күндері қазақ елінің азат¬тық рухы барынша буырқанып, ұлттық намысы шамырқана оянып, Қазақстанның еркіндігі мен бостандығы жолында бастарын бәйгеге тігіп, орталық алаңға шығып өз талаптарын қоюы ата-бабамыз арман еткен, аманат еткен Тәуелсіздігімізге жол ашты.

Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі