КЕНШІЛЕР ҚҰРМЕТТЕЛДІ

Бүгін Орталық байыту фабрикасында «Еңбек — береке бастауы» атты Кәсіпорын күніне орай «Қаратау» Тау-кен өңдеу кешені мен «Қаратау» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен салтанатты шара өткізілді.

Шараның басты мақсаты: ұзақ жылдар тау-кен өңдеу саласында еңбек етіп келе жатқан және партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қомақты үлес қосып жүрген азаматтардың ерен еңбегін бағалау болып табылады.

✅Шараға «Қаратау» Тау-кен өңдеу кешенінің техникалық директоры Серік Өтепбергенұлы Тұрсынбеков, партия аудандық филиалының консультанты Мадина Қайратқызы Пірімбек, бастауыш партия ұйымының төрағасы, кәсіпорынның бас экологы Ануар Бекболатұлы Баймұханов және еңбеккерлер қатысты.

Шара барысында бірқатар еңбеккерлерге «Еңбек ардагерлері» куәлігі және зейнетке шыққалы отырған, көпбалалы аналар мен еңбек үздіктеріне партия аудандық филиалының «Алғыс хатымен» және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шара соңында марапатталушылар мен қатысушылардың құрметіне аудандық мәдениет үйінің әншілері әуелете әсем ән шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Amanat Sarysu