ЖЕЛМЕН ЖАРЫСҚАН ЖЕЛАЯҚТАР!

🏃‍♂ Республикалық «QARQARALY BUGYLY TRAIL» марафоны екінші күні таңғы 6:00 де 10-21 шақырымға жарысқа қатысушылар жарыс жолына шықты.
🏃‍♂ Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттауға, «Таза Қазақстан» акциясын қолдауға, өңірдің туризмін дамытуға бағытталған.


☘🏃‍♂ Жалпы марафонға 470 спортшылар тіркелген: (оның 7 шет ел азаматтыры. Испаниядан — 1адам, Ресейден — 6 адам).
☘🏃‍♂ 10 шақырым қашықтыққа – 193 адам, 21 шақырым қашықтыққа – 180 адамдар әр-түрлі жастағы спортшылар қатысты.
☘🏃‍♂ Марафон барысында жүгіру бағыты бойынша жалпы 2 бақылау бекеті ұйымдастырылған және әр бекетте спорт жаттықтырушылары, ұлттық табиғи парктің инспекторлары, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және ұйымдастырушылардың өкілдері кезекшілік жасады.
☘🏃‍♂ 10-21 шақырымдық марафонды жүгіріп өткен спортшылардың арасында үздік нәтиже көрсетіп, орын алған жеңімпаздар ақшалай қаражат және сертификат, естелік медальмен марапатталды.
ҚР Спорт комитетінің өкілі Ғазиз Серікбаев, Қазақстан Ұлттық арнасының журналисі Нұрбек Бекбау, «Батыр болам» қорының басшысы Ернұр Сәбікенұлы 10 шақырым қашықтықта жеңіске жеткен спортшыларды марапаттады.
Ал аудан әкімінің орынбасары Нұржан Ілияш, Қарқаралы Ұлттық табиғат паркінің директоры Руслан Төлепбаев пен «QARQARALY BUGULY TRAL» марафонының негізін салушы Думан Бейсенаев 21 шақырымның үздіктеріне марапаттарды тапсырды.
☘🏃‍♂ Шара соңында марафонға қатысушылар жарысты ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, жарысқа қатысу, салауатты өмір салтын насихаттауға ат салысу, марафонның әсерін сезіну керемет екенін және елді бірлікке ұйыстыратын шараға өз үлестерін қосу деп атап өтті.


☘🏃‍♂ Іс-шара соңында жастар, еркітілер және қатысушылар «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» акциясы аясында сол маңдағы қоқыстарды тазалап кетті.

#МЕНІҢ_ҚАРҚАРАЛЫМ!#QARQARALY_BUGYLY_TRAIL