🔰«Жекпе-жек » ұттық спорт түрінен аудандық ашық турнирі өтті.
Жамбыл ауданы Аса ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінде Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы және Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығымен бірлесе “25 — қазан Республика күні” мерекесіне орай Жекпе-жек ұлттық спорт түрінен жастар мен жасөспірімдер арасында Жамбыл аудандық ашық турнирі өтті.
Сегіз бұрышта бәсекесінде Алматы обылысы, Шымкент қаласы,Тараз қаласы және Жамбыл облысының спортшылар қатысып 60-тан астам жас балуандар үш жас айырмашылығы бойынша 12 ден 17 жасқа дейін жасөспірімдер және +18 асқан спортшылар бақ сынасты.
Және атап өтсек бұл жарыста ауданымыздың ALSHYN TOP TEAM спорт клуб командасынын спортшылары 3 белбеу және командалық есепте 2 орынға ие болды.
Жарыс нәтижесіне сәйкес әрбір жас ерекшеліктері бойынша жеңіске жеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар және белбеу салтанатты жағдайда тапсырылды.
Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының әдіскері Өтеп Руслан