ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы өнерімен өрге жүзіп, түрлі спорттық, мәдени, білім саласында жетістікке жеткен жеңімпаздарды марапаттап, құрмет көрсетуі үрдіске айналып келеді.
Бүгін кезекті мәрте аудан басшысы аудандық, облыстық, республикалық байкау, ғылыми жоба жеңімпаздарымен кездесіп, сый-сияпат ұсынды.
Мұндай танымдық іс-шара өз кезегінде жеңімпаздарды жігерлендіріп, алға ұмтылуына септігін тигізеді.