ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАРДЫҢ ИДЕЯЛАРЫН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы «Жас өнертапқыштар» конкурсындағы аудан оқушыларының танымдық дүниелерін аралап, жоғары бағалады.
Аудан оқушылары өз идея шеңберінде өңірге қажетті құрылыстарды, қажетті жабдықтарды, экологияны қорғау, төтенше жағдай кезіндегі шұғыл әрекеттер, күннен, судан электр энергиясыналу, ауыл тазалығы бойынша құрастырған дүниелерді назарға ұсынды.
Кейбір ұсыныстарды жүзеге асыруға мүмкіндік бар екенін алға тартқан аудан басшысы тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар да жүктеді.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, аудандық білім бөлімінің басшысы Зауре Абдрасилова қатысты