Жазғы демалыстағы балалар

«Жаз қызығы көңілді демалыс» іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» мекемесіне қарасты Түркістан қалалық бөлімінің қосымша білім беру педагогтері бірқатар танымдық сабақтар өткізді. Малибекова Сандуғаш үйірмешілерімен «Маятник кедергісінен өту» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді. Ал Асанова Гүлмира үйірмешілерімен «Құзға өрмелеу» және алғашқы медициналық көмек тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді.

Мақсаты үйірмешілердің туристік дағдыларын қалыптастыру, кедергілерден қауіпсіз өтуін қадағалау, үйірмешілердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, үйірмешілердің денсаулығын, белсенділігін, ептіліктерін арттыру, өзара ұйымшылдыққа баулу, патриоттыққа тәрбиелеу, үйірмешілердің төтенше жағдай кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің жодарын үйрету, үйірмешілердің алғашқы көмекті көрсету кезеңдерімен таныстыру.

Жоспарға сәйкес Әлсерікова Қымбат үйірмешілерімен Нәзір Төреқұлов музейіне экскурсия ұйымдастырып өткізді. Негізгі мақсаты үйірмешілерге дарынды тұлғаның өмірі мен шығармашылық жолдарын таныстыру, музейдегі құнды деректердің тарихы жайлы ақпарат беру, үйірмешілердің бос уақытын тиімді пайдалану, жазғы демалыс уақыттарының көңілді өтуіне атсалысу, бір-бірін құрметтеуге баулу болып саналады.