Жазғы лига бастау алды

Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен бастау алған әуесқойлар арасында Қаратау қаласы, Жастар саябағындағы футбол алаңшасында жазғы лига ойындары басталды.

1 тур ойындарында алғаш болып, Қаратау қаласының ардагерлерінен құралған “Игілік” футбол құрама командасы Сәду Шәкіров ауылдық округінің командасымен ойнады. Тартысқа толы болған ойында Сәду Шәкіров ауылдық округінің ойыншылары 6:5 есебімен жеңіске жетті.

Екінші ойын Қаратау қаласының “Қазфосфат” және “TalasInvestCompany” командалары арасында өткізілді. Бірінші минуттардан бастап, ойын өрнегін көрсете білген “Қазфосфат” командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Бейсенбі күнгі ойындарды алғаш болып “Amanat” командасы Талас ауданындағы √32 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ойыншыларымен кездесіп, 2:3 есебімен есе жіберді. Одан бөлек, “Спартак” командасы Талас ауданындағы √31 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрама командасымен 2:2 есебімен тең тарқасты. Бейсенбі күнгі және 1 турдың соңғы ойындарын “Білім бөлімі” құрама командасы мен “Alina Holding” құрама командасы кездесіп, 0:2 есебімен “Alina Holding” құрама командасы жеңіске жетті.

Талас ауданы