Жастар жетістігі жаңашылдыққа үндейді

Облыста 258 мыңнан астам жас бар. Жастар облыс халқының 22,4 пайызын құрайды.
Жастардың 96 786-і (37,4%) қалада, 161 378-і (62,6%) ауылдық елді мекенде тұрады.
Облыста жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және оларды әлеуметтендіруге басымдық берілген.
​Есепті кезеңде 4 489 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2022 жылдың І тоқсанына 3,1% (2021 жылы — 2,6%) құрады (Республика бойынша көрсеткіш — 3,9% (2021 жылы — 3,8%). «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба аясында барлығы 21 838 жасты белсенді шараларға тарту жоспарланған.
Жұмыссыз, оқымайтын (NEET) санатындағы жастардың үлесі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2 пайыздан 7,6 пайызға төмендеді. Республика бойынша көрсеткіш — 6,7% (2021 жылы — 6,9%).
​NEET жастармен іс-шаралар жоспары бекітіліп, нақты индикаторлық көрсеткіштер айқындалған. Жыл басынан бері 19 бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері, 56 қоғамдық тыңдаулар, 46 онлайн мастер — класстар, 260 ақпараттық кеңес беру алаңдары ұйымдастырылды.