БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН “КИНО ДЕМАЛЫС» ТЕГІН АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Биылғы жылдың «Балалар жылы» деп жариялануына орай Облыстық кино орталығы «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігімен және Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімімен бірлесе отырып жазғы демалыс кезінде балаларға арналған кино көрсетілім акциясын бастады.
Тараз қаласы бойынша 1-4 сынып оқушыларына арналған «Кино демалыс» атты акциясы тегін ұйымдастырылуда. Акция маусым айынан тамыз айына дейін жалғасын табады.