ЖАСТАР АРАСЫНДА «ЖАЙДАРМАН» ОЙЫНЫ ӨТТІ

Талай жастарды биік шыңдардан көрсетіп жүрген «Жайдарман» ойынның орны ерекше. Қоғамға үлестерін қосып, еліміздің рухани байлығын кеңейтуге, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға ат салысып жүрген өнерлі де талантты жастар өңірімізде баршылық.
Бүгін аудандық мәдениет үйінде Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен Сарысу ауданы әкімінің кубогі үшін «Жайдарман» ойынының маусымашар кезеңі өтті.
Ойынға Жаңатас қаласындағы Ш.Уәлиханов, М.Әуезов мектеп- гимназияларының, Абылайхан мектеп- лицейінің, Д.Қонаев орта мектебінің, Жаңатас көпсалалы колледжінің, Жайылма ауылындағы Әйтеке би орта мектебінің командалары және Тараз қаласынан келген «»Форбес», «Құмшағал» командалары, барлығы 8 команда қатысты.
Әділқазылар алқасының шешімімен тартысты өткен ойында сегіз команданың алтауы финалға жолдама алды.
Жарыс жеңімпаздарына ақпан айында өтетін финалдық ойынның жолдамалары табыс етілді.
Сондай-ақ, ойын барысында «Айналайын», «Тамадалар», «Ою», «Темірлан және оның достары» атты қонақ командалар өз өнерлерінін көрсетті. Көрермендердің көңілін көтерген бұл қонақ командаларға ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хаттар табысталды.