Жасөспірімдер тәртібі – басты назарда

Жасөспірімдер мәселесі басты назарда.

Кәмелетке толмағандар арасында жасалатын қылмыстың санын азайтып, балалардың бос уақытын тиімді өткізу.

Сарысу аудандық полиция бөлімінде өткен бүгінгі жиында осы мәселе кеңінен қаралды.

Бөлім бастығы полиция подполковнигі А.Алметов, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Н.Нұралиев аудандағы білім саласының басшыларымен жасөспірімдердің қылмыстарын алдын алу, құқықтық тәртібін
бұзуға жол бермеу туралы өзекті мәселені ортаға салды.

 

 

Жиында Сарысу ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.Алметов аудандағы осы жылдың 8 айындағы жасөспірімдермен жасалған қылмыстармен құқық бұзушылықтарды атап өтті.

Сондай-ақ, мектеп директорларымен тікелей байланысты болу үшін, өз ұялы телефон нөмірін берді.

Мұндағы мақсат бірлесіп жасөспірімдердің қылмысын алдын алу керектігі.

Міне, осылайша аудандық әкімдік пен полиция бөлімі білім саласымен бірлесіп, жасөспірімдер қауіпсіздігіне баса назар аударуда.