Жас келін

Тұрмысқа шығарда жолдасым анасының 73 жаста екендігін, əкесінің қайтыс болғанын, анасының қолын сындырып алғанын, ауылда тұратынын, ағаларының əйелдерінің анасымен тұрғылары келмегендігін, үйлерінде 12 сиыр сауу керек екендігін айтқанда да қорықпай тұрмысқа шықтым. Тойға абысынымның ақ көйлегін кидім, əпкесімен жездесінің сақиналарын уақытша тақтық. Мешітке барғанда қандай сыйлық алып берсін дегенде АҚ ОРАМАЛ дедім. Өз бауырларым, туыстарым бармай жатып, енемнің тəртібіне кіріп кетіпсің дегенді де айтты. Бірақ мен ойлағандай жағдайлары орта отбасы емес екен. Енем мені сынаса керек. Тойдан кейін маған бір бума ақшаны ұстатты. Не алғың келеді соны ал деді. Мен ең кіші келін болдым. Ол кісі мені киім алады десе керек, енеме төсек, үйге жетіспеген заттарды алдым. БІЗДЕ БƏРІ БОЛДЫ. ЕНЕМНІҢ АРҚАСЫ, АҚЫЛЫ. ҚАЗІР ЕНЕМДІ ҚАТТЫ САҒЫНАМЫН. ҮЛКЕН КІСІ БОЛҒАН ЖАҚСЫ ҒОЙ. АҚЫЛШЫҢ, БЕРЕКЕ ҒОЙ. ЕНЕЛЕРДІ ҚАДІРЛЕҢДЕР ЖАС КЕЛІНДЕР!

                                      «ЕлАна»