Жас аналарға «Ақ орамал» сыйға тартылды
Ақтауда «Ақ орамал» акциясы шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі мен өңірлік іскер әйелдер қауымдастығымен бірлесіп, облыстық перинаталдық орталықта жаңа босанған аналарға ақ орамал сыйлау шарасын өткізді.
Шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ-сінің басшысы Амангүл Джайлханова шараға қатысушыларға «Ақ орамал» акциясының мақсаты мен міндетін түсіндіріп өтті.
-Қоғамның барлық мүшесі және әрбір азаматы бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына бірдей жауапкершілігін сезінуі керек. Біздің бүгінгі шарамыз да осы сөздермен тікелей байланысты. Қазақта ақ орамал киелі саналған. Ақжаулықта аналарымыз оны әрдайым қасиет тұтқан. Ақ орамал акциясы да осы орамалдың құндылығын ұғындыру мақсатында өткізіліп жатыр.
Шараға арнайы шақырылған Өңірлік Іскер әйелдер қауымдастығының басшысы, облыстық маслихат депутаты Сәуле Жакаева жас аналарды құттықтап, болашақ ұрпаққа лайықты тәрбие беру, бейбітшілік өмірді сақтау маңызды парыз екенін айтты.
Жүректері қуанышқа толы жас аналарымыз ұйымдастырушарға алғысын бірдіріп, Отанымызда бейбітшілік пен татулықты сақтауға өз үлестерін қосатындарын жеткізді.
Айман Оңғарбайқызы