ЖАРҚЫРА, ЖАС ТАЛАНТ!
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен жас ақындар мен жазушылар арасында өткен «Ұлы Дала» әдеби-шығармашылық байқауының облыстық кезеңінде жүлде алған жас таланттарды таныстырамыз:
«Балаларға арналған шығарма» аталымы бойынша бірінші орын иегері – Арқалық Әмәлиятұлы.
1998 жылы 10 наурызда ҚХР, Еренқабырғаның Санжы қаласы, Ашылы ауылында туған. Түркістан облысы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі.
Ол «Ұмытшақ көктем” жыр жинағының авторы. Республикалық «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби онлайн-конкурсының поэзия аталымы бойынша бас жүлде иегері атанған. Республикалық «Алтын тобылғы» әдеби сыйлығының жеңімпазы.
Арқалық Әмәлиятұлы Әмірхан Балқыбек атындағы төсбелгімен марапатталған. «Құдай жайлы ойланатын қала» антологиясына өлеңдері енген. Сондай-ақ өлеңдері қырғыз, өзбек, тәжік тілдеріне тәржімаланған. Қазір Түркістан қаласындағы №28 мектеп-лицейінің мұғалімі қызметін атқарады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

