Жаңаталапта балалар алаңшасы ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды — Балалар жылы деп белгілеп, балаларға баса назар аударуды тапсырған болатын.

Осы орайда бүгін Жаңаталап ауылында кіші футбол спорттық алаңшасысының ашылғаны мереке қарсаңында ауыл тұрғындары үшін тосынсыйлардың бірі болғаны анық.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қатысып, балаларды спортқа баулып, спорт саласын одан әрі дамыту керектігін жеткізді.
Көлемі 20×40 метрді алып жатқан алаң барлық талаптарға сай жабдықталып, электр желісіне дейін тартылған.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі