«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасы Құрылтайын сайлауға байланысты үндеуі

2026 жылғы жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституция — ел дамуындағы жаңа дәуірге қадам басқанымызды білдіреді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Халықтық Конститция – стратегиялық сенім мандаты және ұзақ мерзімді мақсаттар мен өрлеужолына бастайтын жаңа қоғамдық келісім».
Біз, «ЖАҢАРУ» қозғалысының мүшелері, Құрылтай сайлауына қатысатын барлық партияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тек сайлауалды риторика емес, халық алдындағы саяси жауапкершілігіне негіз етуге үндеу жасаймыз.
Жемқорлық азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін жояды, экономиканыңдамуын тежеп, әділетсіздікке жол береді.
Құрылтай құрамына әрбір үміткер партия «Заң мен Тәртіп», «заң мен сот алдында бәрі тең»қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ете ала ма? деген қоғамның негізгі сұрағына ашық жауап беруге тиіс деп санаймыз.
Біз саяси партияларды:
1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңды қатаң сақтауға;
2) жемқорлық мәселелерін және оны жою жолдарын сайлаушылармен ашық талқылауға, қоғамда жемқорлықтың кез келген түріне төзімсіздік атмосферасын қалыптастыруға ықпал етуге;
3) сайлау науқанын қаржыландырудың ашық болуын қамтамасыз етуге шақырамыз.
Азаматтардың құқықтарын қорғауда, мемлекеттік басқаруда, саясатта, ғылымда, білімде және қоғамдық өмірдің басқа да салаларында ұрпақтардың институционалдық сабақтастығы елдің дамуына ықпал етеді.
Сайлау — тек қана құқық емес, сонымен қатар жауапкершілік, сайлау дегеніміз — бағдарламалар мен идеялар бәсекесі.
Біз, «ЖАҢАРУ» қозғалысының мүшелері, Құрылтай сайлауына сайлаушыларды да Құрылтай сайлауына белсенді түрде қатысуға шақырамыз.
Біз билік пен қоғамның өзара сенімін нығайта отырып, күшті, әділетті және заманауи мемлекет құрамыз!
«ЖАҢАРУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ
Обращение Республиканского общественного объединения «Общенациональное движение против коррупции «ЖАҢАРУ» в связи с выборами в Курултай Республики Казахстан
Принятая на всенародном референдумеКонституция 2026 года знаменует новую эпохуразвития современного Казахстана. Как отметил Глава государства Касым-Жомарт Токаев,«Народная Конституция – это по сути стратегический мандат доверия и новый общественный договор, устремленный к долгосрочным целям и горизонтам прогресса».
Мы, члены антикоррупционного движения«ЖАҢАРУ», призываем все партии, участвующие в выборах в Курултай, сделать борьбу с коррупцией важной задачей своей политической ответственности перед обществом, а не просто элементом предвыборной риторики.
Коррупция разрушает доверие граждан к государственным институтам, тормозит развитие экономики и лишает веру в справедливость.
Мы считаем, что каждая партия, претендующая на представительство в Курултае, должна открыто ответить обществу на основной вопрос: способна ли она обеспечить соблюдение принципов – «Закон и Порядок», равенства всех перед законом и судом?
Мы призываем политические партии:
1) строго следовать Закону «О выборах в Республике Казахстан»;
2) открыто обсуждать с избирателями проблемы коррупции и пути их искоренения. Способствовать формированию в обществе атмосферы нетерпимости к любым проявлениям коррупции;
3) обеспечить прозрачность финансирования избирательной кампании.
Защита прав граждан, институциональная преемственность поколении в государственном управлении, политике, науке, образовании и в других сферах общественной жизни будут способствовать поступательному развитию страны.
Выборы — это не только право, но и ответственность, выборы – это конкуренция программ и идей.
Мы, члены движения «ЖАҢАРУ», обращаемся также к избирателям с призывом принять активное участие в выборах в Курултай.
Только укрепляя взаимное доверие власти и общества, мы построим сильное, справедливое и современное государство!
РОО «ЖАҢАРУ»
Дархан Мыңбай facebook парақшасынан  https://www.facebook.com/share/p/18wxr3U3rk/