Жамбылда жер қайтару жұмыстары бес бағытта жүріп жатыр

Жамбыл облыс әкімдігі мен облыстық прокуратура бірлесіп, елді мекендердегі жайылым жерлердің пайдалануына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 683 мың га жайылым жер жетіспейтіндігі анықталды.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Көпбосынов Бахтияр Бейсембайұлы айтты. Ол мәселені жүйелі түрде шешу үшін 5 бағыт бойынша жұмыстар қолға алынғанын атап өтті.

✅«Бірінші, Жер кодексінің 36-бабына сәйкес ауылдық округ теңгеріміне босалқы жерлер санатындағы 225 мың гектар жайылым жерлерді елді мекенге беру жұмыстары басталды. 2021 жылы 227,5 мың гектары берілді. Екінші, ортақ жайылым жерлердің пайдалануға беріліп кеткен бөлігін елдімекендерге қайтарып беру жүргізілуде. Осы жерлер және елді мекендер аумағына 5 шақырым радиуста жақын орналасқан есебінен 199,6 мың гектар жайылым жерлерді ауылдық округтерге бекітіп беру басталды. 2021 жылы 13,6 мың гектар беріліп, жұмыс жалғасуда. Үшінші, мал басы көп тұрғындардың малдарын орман қоры жеріне шығару ұйымдастырылуда. Орман қорындағы 1млн. гектар жайылымға 242,9 мың мал басы шығарылды», — деді спикер.

❗️Төртінші, жер пайдаланушылармен өнімі жиналып алынған жерлерге кедергісіз мал жаюға Меморандум жасау жұмыстары жүргізілуде. Көлемі 486,5 мың га болатын 2071 шаруа қожалықпен меморандум жасалды. Бесінші, игерілмеген және заң талаптарын бұза отырып пайдаланудағы 252,3 мың га жайылым жерлердің 2021 жылы 106,3 мың га мемлекет меншігіне қайтарылса, ағымдағы жылдың 8 айында 95,4 мың га қайтарылды.

2022 жылы елді мекендер жайылымын ұлғайту үшін 418,4 мың га жер учаскесі қосылып берілетін болады.

#ӨКҚ