«Денсаулық» фестивалі

Бүгінгі таңда, аудан аумағында денсаулықты жақсартатын, салауатты өмірге шақыратын түрлі деңгейдегі шаралар өтуде. Себебі, қазір ауа-райының ластануы, қоршаған ортаның бұзылуы, аз қозғалыс нәтижесінде адамдардың денсаулығы төмендеп келе жатқаны жасырын емес.
Осыған орай, бүгін аудан көлемінде барлық мектептер өз алаңшаларында «Денсаулық» фестивалі шарасына атсалысып, жаттығулар өткізді.

Айта кету керек мұндай жаттығулардың мақсаты — бала мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына, жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға, сауатты көзқарастың қалыптасуына көп көмегін тигізеді.

Сондықтан, осы бағыттағы шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Байзақ ауданы әкімдігі